«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

  Ұлытау облысы аймактык қәсіпкерлер палатысында меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 27 Ақпан
- Ұлытау облысы
9397 просмотров

Өңірлік палатаның бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ғалымжан Сүтбаев пен Ұлытау облысының көлік прокуроры Мәлік Давлетов облыста кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылуы тиіс бірлескен жұмысты талқылады. 

Жиында Ұлытау облысының көлік прокуроры кәсіпкерлерге көлік прокуратурасының негізгі міндеті Республика Конституциясының сақталуын және темір жол, су (өзен және теңіз), әуе көлігіндегі заңдардың орындалуын, сондай-ақ көліктегі құқық қорғау органдарының қызметін қадағалау болып табылатынын атап өтті. Шара барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері тасымалдауға, логистикаға, көлік салығына, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұрақтарына жауап алды. 

Кездесу соңында Ұлытау облысының ӨКП мен облыстың көлік прокуратурасы арасында өзара ынтымақтастық және қолдау туралы Меморандумға қол қойылды.


- Осы маңызды құжат облыста кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді деп сенемін. Мен өз тарапымнан облыс тұрғындары үшін әрқашан ашықпын. Сондай-ақ, облыстың Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық аясында біздің салаға қатысты туындаған барлық мәселелерді талқылауға және шешуге дайынмын, – деп атап өтті Мәлік Жәдігерұлы бизнесмендерге арнаған сөзінде.


Аталмыш жиында экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Манат Амантаева  сөз алып, өз ведомствосының жұмысы туралы айтып, кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер