«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шаруа қожалықтарының мәселелері зерделенді

2023 жылғы 05 Сәуір
- Ұлытау облысы
8760 просмотров

Бүгін Жаңаарқа кентінде аудан әкімдігі акт залында Жаңаарқа ауданы көлеміндегі шағын және орта бизнесті қорғау мен қолдауға арналған кең ауқымды жиналыс болды.
 

Жиналысқа Жаңаарқа ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қожықаев Қанат Шубайұлы, Ұлытау облысының мәслихат депутаты, Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы төрағасының міндетін атқарушы Каженова Гулмира Изаттулақызы, Жаңаарқа мәслихаты депутаты, Мәслихат төрағасы Беккожин Юржан Асанұлы, Жаңаарқа ауданы прокуроры Таттекенов Қанат Қайруллаұлы,  Жаңаарқа ауданы салық басқармасының бастығы Түсіпбеков Ахат Құрманұлы, Ұлытау облысының мәслихат депутаты, «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығының» Ұлытау облысы бойынша өкілі Омарова Гүлназ Шынтөреқызы,  Ұлытау облысының мәслихат депутаты, Жаңаарқа ауданы ветинария орталығы директоры Мұқанов Қанат Бейсенұлы, Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Тлеуғабылов Асқар Бақытжанұлы және аудан бойынша мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

 

Сонымен қатар Жаңаарқа ауданы кәсіпкерлер палатасы аясында құрылған аймақтық кеңес мүшелері мен жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетекшілері қатысты. Жиын барысында шағын және орта бизнестің дамуына мүдделі мемлекеттік мекемелердің жетекшілерінің бизнес ахуалдың мән- жайы туралы баяндамалары тыңдалды. Жалпы аудан көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі, қарқынды дамуы барысы көрсетілді. Сонымен бірге аудан прокуратурасымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті  қорғау мақсатында құрылған мобильдік топтың қызметі мен міндеттеріне тоқталды. Жиын барысында жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар, өтініштер, ұсыныстар айтылды. Атап айтсақ қосымша құн салығы бойынша 5 (бес) шаруа қожалығының есеп шоттарының бұғатталуы бойынша, банк кепілдемелерін қайтару жайы, Ауылшаруашылық өндірістік копперативі арқылы  2,5  пайыздық несие бойынша, жер телімдері жайы, мал басын тіркеу мақсатында «Жасыл дәліз» қайта ашылу ұсынысы және тағы да басқа көптеген мәселелерді талқылау жүргізілді. Ұдайы түрде шағын және орта бизнесті қолдау, қорғау жұмыстарын жүргізу барысы қатаң бақылауда болатындығы міндеттелді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер