«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесу

2023 жылғы 13 Сәуір
- Ұлытау облысы
10086 просмотров

Сәтбаев қаласының әкімдігінде қала әкімі Шапағат Әубәкірдің, прокуратура өкілдерінің, жергілікті кәсіпкерлер мен жетекшілік ететін органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. 


Күн тәртібіне Сәтбаев қаласындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының жұмысына және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың ағымдағы жұмысына қатысты бірнеше сұрақ шығарылды. Сондай-ақ, отырыста кеншілер қаласының бизнес өкілдері жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді көтерді. Кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелердің  басым көпшілігі билік пен ШОБ өкілдері арасындағы диалогтағы әкімшілік кедергілерден туындап отыр.



Сондай-ақ, Сәтбаев қаласындағы жұмыс сапары барысында облыстық ӨКП өңірлік кеңесінің мүшесі Н.И. Распоповпен бірге жергілікті кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Бұл ұлттық өнім - құрттың шағын өндірісі – " Qurt Sat " және "KinderLand" балалар ойын орталығы. Нысандарды аралау барысында өңірлік кеңес кәсіпкерлермен әңгімелесіп, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Өз ісін жаңадан бастағандар  кәсіпкерлікке қалай бет бұрғаны жайында айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер