«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЖАСТАР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕСТЕР

2023 жылғы 27 Сәуір
- Ұлытау облысы
9449 просмотров

Әйелдер кәсіпкерлігі желісі бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының сарапшылары “Amanat” партиясының облыстық филиалында жастарға, кәсіпкер әйелдерге және басқа да ұсыныс білдірушілерге кеңес берді.

Кеңес беру барысында Ұлытау Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеңілдетілген несие беру және гранттар алу бойынша қолданыстағы және жаңа өнімдер туралы айтты.

Бүгінгі таңда мемлекет халықтың барлық санаттары, соның ішінде әйелдер мен жастар арасында кәсіпкерлік саласын дамытудың барлық мүмкін болған тетіктерін ұсынуда.
Әйелдер кәсіпкерлігі бойынша өзекті бағдарламалардың бірі — 2.5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін берілетін шағын несиелеу. Тұрғындардың пікірінше бұл өте тиімді ұсыныс, өйткені ол бизнесті нөлден көтеруге көмектеседі және кәсіпкерлерге жүктемені азайтады. 

Палата сарапшылары мемлекет ұсынатын бағдарламалар кәсіпкер әйелдер арасында қызу талқыланып жатқанын атап өтті.
#РППОБЛАСТИУЛЫТАУ 
#Әйелдер кәсіпкерлігі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер