«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысында тігін студиясының салтанатты ашылуы өтті

2024 жылғы 25 Қаңтар
- Ұлытау облысы
8265 просмотров

Жезқазғанда тігін студиясының салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа нысанның басшысы-ісін жаңа бастаған кәсіпкер Салтанат Сейлбекова 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды.

- Гранттан алынған ақшаға мен 8 тігін машинасын сатып алдым, олардың негізгілерінен басқа кесте тігу машинасы, оверлог машинасы, түйме машинасы, бумен үткітеуші бар. Кәсіби тігіншілер қатарынан қызметкерлер құрамын жинау жоспарда бар, - деп атап өтті Салтанат Сейлбекова.

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық даму жөніндегі басқарушы директоры Данияр Қалымов ісін жаңа бастаған кәсіпкерді Палата атынан құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Қазақстандық блогер Дана Есеева іс-шараның құрметті қонағы болды. Ол іскер әйелдің талантын, адалдығы мен еңбекқорлығын атап өтті.

- Біздің жоспарымызда тоқыма киім өндірісін жолға қою, біз автокөліктерге арналған қап тігуге арналған арнайы жабдықты сатып алдық, ерекше балаларға арналған киім, үй тоқыма бұйымдарын тігіп, болашақта тұрғындардың кез келген тапсырысын қабылдағымыз келеді. Келіңіздер, сіздерді Анарқұлов көшесі 3 А мекен – жайында күтеміз, жаңа тігін студиясының есігі сіздер үшін ашық, - дейді Салтанат Сейлбекова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер