«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысынын өңірлік кеңесінің және Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысы жалғасуда

2024 жылғы 27 Қаңтар
- Ұлытау облысы
11107 просмотров

️Биылғы жылдың алғашқы өңірлік кеңесінде өңірдегі бизнестің өзекті мәселелері талқыланды.


Ұлытау Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м. а. Азат Исенов салық декларациясы және мобильді аударымдар саласындағы өзгерістер туралы айтты. Жаңа өзгерістер аясында 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды. Кәсіпкерлер салық декларацияларын электронды форматта тапсыруы керек. Бұл салық есептілігінің ашықтығы мен жеделдігін жақсартады. Қаржы ағындарын тиімді бақылау және қаржылық қылмыстардың алдын алу үшін үкімет мобильді аударымдарға жаңа талаптар енгізуде. Бұл шара заңсыз қаржылық операциялармен күресуге және бизнес пен азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған.



Өңірдегі Кәсіпкерлерге кәсіпкерлер палатасының жұмысы үлкен көмек көрсетеді. Еңбек инспекциясының өкілі облыстың ШОБ субъектілері бойынша еңбек тексерісіне түскендерге түсініктеме берді. Отырыс барысында өңірлік кеңес өңірдегі бизнес ортаны дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты. 
️Палата төрағасы Гүлмира Қаженова 2023 жылғы жұмыстың қорытындысын айтты. Кәсіпкерліктің жүйелі және жеке мәселелерін шешуде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес ерекше орын алады. Қорғау жөніндегі кеңестің жұмысының арқасында кәсіпкерлердің салық салуға, мемлекеттік сатып алуға, ауылдағы сатып алулардың төмен өтімділігіне, қызыл желілер мен банктік несиелеуге байланысты мәселелерін оң шешуге мүмкіндік туды. 
Бизнесті қорғау шеңберінде жалпы сомасы 220 миллион теңгеден астам кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды. Бүгінгі таңда Ұлытау облысының кәсіпкерлері үшін негізгі проблемалық мәселелер салық салу, жер қатынастары, рұқсат беру жүйесі және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдар болып қала береді.

Өз сөзінде Гүлмира Изатуллақызы салалық кеңестердің жұмысын атап өтті. Соның арқасында 
үшін медициналық мекемелерге 3 мыңға дейін ІАҚ-ға жатқызылған халық тығыздығының 10 мыңдық шегі жойылды, тығыздық коэффициентін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, несие шарттарын ұзарту мәселелері оң шешіліп, жеке балабақша ашуға рұқсат алынды.
Облыста алғаш рет 60 - тан астам кәсіпкер қатысқан "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсы өткізілді. Финалистер қатарында біздің өңірден келген кәсіпкер де болды (ЖК Гелисханова). "Алтын сапа" Президенттік байқауы аясында "ULY DALA" ЖШС (Ұлы дала) "Іскер"сыйлығын алды.
 2023 жылы палата жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылды. Кеңес жұмысының арқасында жаңа жылдық мерекелерде 11 миллион теңгеден астам сомаға бірлескен қайырымдылық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік туды. 
Жиналыстың төрағасы Сәуле Шауенова кәсіпкерлер үшін тоқсан сайынғы түсіндіру семинарларын өткізуді хаттамаға енгізуді ұсынды.
Жалпы, Кәсіпкерлер Палатасының өңірдегі бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.
 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер