«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік кәсіпкерліктің артықшылықтары

2024 жылғы 13 Ақпан
- Ұлытау облысы
8929 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастығы арасындағы ақпараттық түсіндіру аясында өзекті тақырып — «Әлеуметтік кәсіпкерлікке» арналған маңызды семинар өтті. 

Талқыланған тақырып өз бизнесін дамытуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірге елеулі үлес қосуға ұмтылатын өңір кәсіпкерлерінің назарын аударды. Семинар аясында қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жаңа тәсілдер мен стратегиялар ұсынылды. 
Палатаның салалық даму жөніндегі жетекші сарапшысы Маржан Жауен әлеуметтік кәсіпкерліктің маңыздылығы және оның қоғамның көптеген әлеуметтік мәселелерін шешудегі әлеуеті туралы айтты.

 

– Бұл жаңа бағыт пайда табуды емес, ең алдымен азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейді. Яғни, әлеуметтік кәсіпкерлер – бұл адамдарға қамқорлық жасайтын және қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтін адамдар. Бірінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлер-қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатарындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Екінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлер санаттағы әлеуметтік қорғалмаған топтағы адамдар қатарынан азаматтар өндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға ықпал етеді. Үшінші санаттағы әлеуметтік санаттағы қызмет мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарларды өндіруге және қызметтер көрсетуге бағытталған. Төртінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлер қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады, – деп атап өтті Маржан Әбдірашитқызы бизнестегі жаңа бағытты түсіндіре отырып. 
 

 


Семинарда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі мемлекеттен әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау шаралары болды. 
Оған мыналар кіреді: 
1. Салық кодексіне сәйкес салық жеңілдіктерін беру;
2.  Қаржылық қолдау;
3. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
4. Үй-жайларды жалға алу ақысы;
5. Мемлекеттік мүлікті жеңілдікті шарттармен сатып алусыз жалға беру;
6. Ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау;
7. Акселерациялық орталықтарды дамыту;
8. Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
9. Мемлекеттік гранттар беру.
Іс-шара барысында "Damu" қоры филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджері Нурсауле Қалымова сөз сөйледі. Ол қордың кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған негізгі бағыттары туралы айтты.
Семинарға қатысушылар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әріптестік туралы мәселелерді талқылады, сондай-ақ өз бизнесінде әлеуметтік кәсіпкерлікті табысты енгізіп жатқан басқа кәсіпкерлермен тәжірибе және білім алмасты. Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Семинар кәсіпкерлер өз білімдерін байытып қана қоймай, қоғамдық ортаға оң өзгерістер енгізе алатын қазіргі заманғы бизнес-комунитидің дамуына ықпал ететін маңызды бастама болды. 



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер