«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балалар тағамы: не істеу керек?

2024 жылғы 05 Наурыз
- Ұлытау облысы
5480 просмотров

Ұлытау облысы ӨКП жанындағы салалық қызметтер кеңесінің отырысында палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сүтбаевтың, салалық даму бөлімінің бастығы Маржан Жауеннің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Білім басқармасы өкілдерінің, "Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының" басшысы, мектептер мен балабақшалар директорларының, сондай – ақ жеке кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында маңызды тақырып — мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тамақтану жайы қаралды.
Өңірде балабақшаларда тамақтандыруға қызмет көрсету мәселесі бар екендігі бұрыннан белгілі.
 

Осы салада жұмыс істейтін ұйымдардың айтуынша, өкінішке орай, көптеген адамдар бұл мәселеге бизнес ретінде қарайды, бұл бірінші кезекте балалардың денсаулығы екенін ұмытып кетеді. Шын мәнінде, тамақтануды ұйымдастыру тұрақты негізде құрылуы керек.    
Кеңес қатысушылары балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге байланысты мәселелерді талқылады.

Сөз сөйлеушілер конкурс өткізу процесінде ашықтықтың жеткіліксіздігіне, қатысу шарттарындағы бұзушылықтарға, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталмауына, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына және ұзартудың болмауына шағымданды.
Ашық пікірталас барысында кеңес қатысушылары қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарды өткізу процесін жақсарту үшін шешім жолдарын табуға тырысты. Салалық кеңес жұмысының нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазымен жасалған шартқа шағымдану және күшіне ену кезеңінде ҚР-да тамақтануды ұйымдастыру қағидаларының 69-тармағына сәйкес қолданыстағы жеткізушілермен жасалған шарттардың қолданысын ұзарту ұсынылды. 
Ұлытау облысының білім басқармасы 2024 жылғы 7 наурызға дейінгі мерзімде қызмет көрсету туралы шарт 2024 жылға ұзартылмаған тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер туралы ақпарат берсін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаментіне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша сатып алуды, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу ұсынылды
 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер