«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестегі әйелдер — бұл күш, қуат және шабыт!

2024 жылғы 14 Наурыз
- Ұлытау облысы
1441 просмотров

Астанада мереке қарсаңында "Қазақстан Республикасының Үздік іскер әйелі" республикалық байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. 

Марапатталғандардың қатарында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, салалық кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, Ұлытау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Акылбекова Зина Жұманазарқызы, "Ютария LTD" ЖШС директоры Тұрсынай Ибадатова, "ULY DALA" ЖШС тамақтану комбинатының директоры Верещагина Марина, "Қызылмай" дәріханалар желісінің директоры Ботажан Достамбекова,  өңірдегі «MamaRada» балалардың зияткерлік дамуы академиялары желісінің жетекшісі Жұлдыз Рахымбекова бар.
 

Олар  КР әлеуметтік және экономикалық саланың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін "Үздік Іскер Әйелдер" төсбелгімен, "Үздік Іскер Әйел" статуэткасымен  және I  дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстандық бизнес-вумендердің жетістіктері ерекше назар аударуға лайық. Мемлекет әйелдерді барлық бастамаларында толық қолдайды. Бизнестегі әйелдерді қолдау тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

"Бизнестегі әйелдер-бұл бәріміз үшін күш, қуат және шабыт. Олардың жұмысы мойындауға және қолдауға лайық. Сондықтан тең мүмкіндіктер жасау, әйелдердің көшбасшылығын көтермелеу және олардың бизнес-салаға қосқан үлесін мойындау бойынша жұмысты жалғастыру маңызды", - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер