«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Активтер, салықтар және сотқа дейінгі өндірістер туралы

2024 жылғы 28 Наурыз
- Ұлытау облысы
7329 просмотров

Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасында экономикалық тергеу Департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Қалиақпаров, Палата директоры басшысының орынбасары Ғалымжан Сүтбаевтың қатысуымен облыстық прокуратура және сот, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, салық қызметтері және облыстық бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Сотқа дейінгі іс жүргізуде салықтық тексерулер мен криминалистикалық  зерттеулер актілерін дәлел ретінде қабылдау» тақырыбында бірлескен  отырыс өтті.

Отырыс барысында ҚР ҚК-ның 245-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеудің проблемалық мәселелері, салық органдары мен сараптама мекемелерінің функционалдық аражігін ажырату талқыланды, тергеу практикасының кейбір аспектілері қаралды.

Сондай-ақ криминалистикалық қорытынды алғаннан кейін сараптама тағайындаудың мақсатса сай келмеуі және дәлелдеме түрі ретінде криминалистикалық зерттеулер актілерін қабылдау мәселелері талқыланды.

Криминалистикалық зерттеулердің бағыттарын жаңарту, дәстүрлі зерттеу түрлерінен қазіргі заманауи саладағы, яғни экономикалық зерттеулер мен IT-технологиялар саласындағы зерттеулерге көшу тақырыбы қозғалды. 
Іс-шара соңында қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылау және рационалды ұсыныстар әзірлеу мақсатында бірлескен отырыстар практикасын жалғастыруға тілектерін білдірді.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер