«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылғы 17 Қазан
- Ұлытау облысы
3279 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында облыстық ардагерлер кеңесі мен ауыл кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту тақырыбы талқыланды.

Палата ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға көмектесе алады. Кәсіпкерлерге арналған барлық қызметтер тегін көрсетіледі: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, салалық кеңестер, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша бөлім жұмыс жасайды.


Жиын аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары өздері дайындаған құрт, қымыз, қолдан жасалған май, ұлттық нақыштағы тоқыма және қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатындардың көпшілігі «Бір ауыл- бір өнім» бағдарламасына қатысып, әлеуетті қатысушылардың тәжірибесімен бөлісті. 


Сәрсенкүл Далбаева биылғы 2024 жылы ОСОП-тың үздік 10 финалистінің қатарына енді, Күләй Досанова мен Зәуреш Алякбарова өткен 2023 жылдың ОСОП қатысушылары.


Палатаның қолдауының арқасында «Дара жүрек» қоғамдық қорының төрайымы Толқын Балқыбаева өткен жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кондитерлік мамандық бойынша оқуды аяқтап, нан өнімдерін шығаруды қолға алып, тәлімгерлік курстарын аяқтады.


Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын көрші Қырғызстанда ОСОП қозғалысыда кең етек алды. Жапондық Jica компаниясы OСOП қозғалысын таратуда Казахстана да үлкен көмек көрсетуде. 
Кездесу соңында тараптар әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға үміт білдірді.




Еншілес ұйымдар

Серіктестер