«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының Өңірлік кеңесіне сайлау

2024 жылғы 17 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1790 просмотров

Дереккөз: kapital.kz

2025 жылғы 27-29 қаңтарда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді.

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 17-30 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылады. Құжаттарды офлайн режимінде мына мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Алматы қ., Абылайхан даңғылы, 79/71, № 213 кабинет.

Үміткерлер салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қауымдастықтардың алқалы органының бірінші басшылары не мүшелері қатарынан сайланатын болады. Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

Қазақстан Республикасының азаматы болу;

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың салалық немесе аудандық кеңесінің мүшесі не атқарушы органының мүшесі болу;

соңғы 3 айда салық берешегі жоқ;

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

Үміткерлерді ұсыну кезеңі 2024 жылғы 17-30 желтоқсан, тіркелген кандидаттардың үгіт-насихат науқаны 2025 жылғы 17 қаңтардан 26 қаңтарға дейін, дауыс беру 2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында.

Толығырақ ақпарат алу үшін 1432 колл-орталығына немесе + 77017714809 нөмірі бойынша Сабазова Жадыра Бахытбекқызына хабарласуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер