ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ОБЛЫС ШАРУАШЫЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАДЫ
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті, оған облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нүпіров, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова, фермерлер, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және аграрлық несие ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қаржыландыру ауыл шаруашылығы мен фермерлік шаруашылықтың табысты жұмыс істеуінің негізгі элементі болып табылады. Дегенмен, көптеген шаруалар несие алу кезінде құжат рәсімдеу, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппау сияқты қиындықтарға тап болды.
Маман тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы басқармасы шаруалар несиесінің 16 пайызын өтей алмайды.Соның салдарынан ауыл шаруашылығын қолдаусыз шаруалар үшін қомақты қаржылық шығындар туындайды.
Салалық кеңес барысында қалыптасқан жағдайды шешудің ықтимал жолдары талқыланды. Шараға қатысушылар фермерлер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, отырыста агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңес төрағасын сайлау өтті.
Дауыстардың басым бөлігі Салалық кеңес төрағасының орынбасары Гүлназ Омароваға берілді, бұл оның қызметіне сенім мен қолдаудың белгісі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: